Бағдарлама туралы
STEM Education Leadership for Change — SEAMEO STEM-ED ұйымы Chevron компаниясының қолдауымен жүзеге асыратын халықаралық бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты — білім беру саласындағы көшбасшылықты дамыту және қатысушы елдерде STEM пәндерін оқыту сапасын арттыру. Қазақстан Республикасында бағдарлама «Caravan of Knowledge» қорының үйлестіруімен, пилоттық өңірлердің білім беру басқармаларымен және серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп іске асырылады.
Халықаралық академиялық қолдау
Бағдарламаның маңызды бөлігі — Michigan State University сарапшыларының қатысуы. Олар тренерлер мен мектеп көшбасшыларына арналған оқу модульдерін өткізеді.
Бағдарламаның мақсаты
STEM пәндерін оқыту сапасын арттыру және оқушылардың білім нәтижелерін жақсарту мақсатында білім беру саласындағы көшбасшылық әлеуетті дамыту
Мектеп басшылары
Администрация
Мұғалімдер
Әдіснамалық негізі
  • Үшөлшемді оқыту моделі
    Ғылыми идеяларды, тәжірибелерді және пәнаралық тұжырымдамаларды біріктіру арқылы STEM пәндерін жүйелі түсінуді қалыптастыру.
  • Claim–Evidence–Reasoning (CER)
    Деректер мен дәлелдерге сүйене отырып құбылыстарды түсіндіру қабілетін дамытатын құрылымдалған аргументация моделі.
  • Зерттеушілік және проблемалық-бағдарланған тәсіл
    Нақты өмірлік мәселелерді шешуге және оқушылардың дербес ғылыми ойлауын дамытуға негізделген оқыту форматы.
Оқыту тақырыптары
Бағдарламаның оқыту модульдері заманауи STEM-білім берудің негізгі бағыттарын қамтиды. Қатысушылар климаттың өзгеруі тақырыптарымен жұмыс істейді, оның ішінде жаһандық жылынудың себептері, парниктік газдар шығарындыларының атмосфераға әсері, сондай-ақ ауа райы мен климаттық үлгілердің өзгеруі қарастырылады. Ерекше назар жергілікті климаттық өзгерістерді талдауға және қауымдастықтар мен технологиялар деңгейінде бейімделу мен экологиялық шешімдер табуға аударылады.

Сондай-ақ қатысушылар жаратылыстану ғылымдарын, технологияларды, инженерлік ойлауды және математиканы біріктіретін пәнаралық STEM-тәсілдерді меңгереді. Әр тақырып тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, процестерді модельдеу және зерттеу әдістерін қолдану арқылы қарастырылады.
  • STEM-білім беру және климаттың өзгеруі
  • Педагогикалық көшбасшылық
  • ЖИ және цифрлық STEM құралдары
  • CER әдіснамасы және үш өлшемді оқыту
Қатысу талаптары
  • Мектептің қатысу форматы
    Әр мектеп 5 адамнан тұратын «Өзгерістер командасын» құрады:

    • Мектеп әкімшілігінің 2 өкілі
    • 3 мұғалім, басым түрде жаратылыстану-математикалық бағыттағы (ЖМБ)
    Команда құрамы 5 адамнан көп болуы мүмкін, алайда ресми қатысушылар саны — 5 адам.
  • Мектептің міндеттері
    • Онлайн және офлайн оқытуға қатысу
    • Мектепте пилоттық енгізу жұмыстарын жүргізу
    • Онлайн қолдау кездесулеріне қатысу
    • Кері байланыс және іске асыру деректерін ұсыну
    • Апробация нәтижелерін зерттеу шеңберінде зерттеу тобымен ынтымақтастық
Білім нәтижелері
  • Жүйелі және сыни ойлау дағдыларын дамытады
  • Аргументация және ғылыми түсіндіру дағдыларын қалыптастырады
  • STEM тәсілдерін күрделі мәселелерді шешуде қолдануды үйренеді
  • Пәнаралық тәжірибелерді мектепте енгізуге дайын болады
Серіктестер
Chevron
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Southeast Asian Ministers
of Education Organization
"Сaravan of Knowledge" қоры
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Торайғыров университеті
Michigan State University (АҚШ)
Жаңалықтар
Instagram парақшамыздағы жаңартуларды бақылап отырыңыз
Подробнее