Бағдарлама туралы
STEM Education Leadership for Change — SEAMEO STEM-ED ұйымы Chevron компаниясының қолдауымен жүзеге асыратын халықаралық бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты — білім беру саласындағы көшбасшылықты дамыту және қатысушы елдерде STEM пәндерін оқыту сапасын арттыру. Қазақстан Республикасында бағдарлама «Caravan of Knowledge» қорының үйлестіруімен, пилоттық өңірлердің білім беру басқармаларымен және серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп іске асырылады.
Халықаралық академиялық қолдау
Бағдарламаның маңызды бөлігі — Michigan State University сарапшыларының қатысуы. Олар тренерлер мен мектеп көшбасшыларына арналған оқу модульдерін өткізеді.
Бағдарламаның мақсаты
STEM пәндерін оқыту сапасын арттыру және оқушылардың білім нәтижелерін жақсарту мақсатында білім беру саласындағы көшбасшылық әлеуетті дамыту
Мектеп басшылары
Администрация
Мұғалімдері
Әдіснамалық негізі
  • Үшөлшемді оқыту моделі
    Ғылыми идеяларды, тәжірибелерді және пәнаралық тұжырымдамаларды біріктіру арқылы STEM пәндерін жүйелі түсінуді қалыптастыру.
  • Claim–Evidence–Reasoning (CER)
    Деректер мен дәлелдерге сүйене отырып құбылыстарды түсіндіру қабілетін дамытатын құрылымдалған аргументация моделі.
  • Зерттеушілік және проблемалық-бағдарланған тәсіл
    Нақты өмірлік мәселелерді шешуге және оқушылардың дербес ғылыми ойлауын дамытуға негізделген оқыту форматы.
Оқыту бағыттары
Бағдарламаның оқу модульдері заманауи STEM-білім берудің негізгі бағыттарын қамтиды.
Қатысушылар су сапасы және экологиялық тұрақтылық тақырыптарымен жұмыс істейді, денсаулық пен қоршаған орта факторларын зерттейді, физикалық жүйелердің өзара әрекеттесуін талдайды, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарын, технологияны, инженерлік ойлау мен математиканы біріктіретін пәнаралық STEM тәсілдерін меңгереді.
Әрбір тақырып практикалық тапсырмалар, процестерді модельдеу және зерттеу әдістерін қолдану арқылы қарастырылады.
  • Су сапасы
  • Экология
  • Денсаулық
  • STEM тәсілдері
Қатысу талаптары
  • Мектептің қатысу форматы
    Әр мектеп 5 адамнан тұратын «Өзгерістер командасын» құрады:

    • Мектеп басшылығы - 1 (директор немесе орынбасар)
    • Әдістемелік бірлестік немесе кафедра жетекшісі – 1
    • Жаратылыстану-математикалық бағыттағы - 3 мұғалім
    Команда құрамы 5 адамнан көп болуы мүмкін, алайда ресми қатысушылар саны — 5 адам.
  • Мектептің міндеттері
    • Онлайн және офлайн оқытуға қатысу
    • Мектепте пилоттық енгізу жұмыстарын жүргізу
    • Онлайн қолдау кездесулеріне қатысу
    • Кері байланыс және іске асыру деректерін ұсыну
Білім нәтижелері
  • Жүйелі және сыни ойлау дағдыларын дамытады
  • Аргументация және ғылыми түсіндіру дағдыларын қалыптастырады
  • STEM тәсілдерін күрделі мәселелерді шешуде қолдануды үйренеді
  • Пәнаралық тәжірибелерді мектепте енгізуге дайын болады
Серіктестер
Chevron
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Southeast Asian Ministers
of Education Organization
"Сaravan of Knowledge" қоры
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Торайғыров университеті
Michigan State University (АҚШ)
Жаңалықтар
Instagram парақшамыздағы жаңартуларды бақылап отырыңыз
Подробнее