Барлық студенттер мен түлектерді «Білім керуенінің» конкурсына қатысуға шақырамыз! STEM-сабаққа арналған сабақ жоспарын жасап, ақшалай жүлде ұтыңыз! STEM – бұл мектеп оқушыларын оқытудың жаңа әдістемесі және әлемдік білім беру саласындағы негізгі тренд. Атауы сұранысқа ие болған пәндердің аббревиатурасынан тұрады: ғылым, технология, инженерия және математика. STEM-тәсілінің ерекшелігі ондағы барлық пәндердің өзара тығыз байланыста болуында.
Конкурсқа қатысу үшін мына шарттарды орындау керек: 1. Форманы толтыру арқылы конкурсқа тіркел
2. Қазақ немесе орыс тілінде STEM-сабақтың жоспарын жасап, теория мен практикалық қолданылуы қысқаша түсіндірілген шағын бейнесабақ (7-10 минуттық) жазу. Сабақ кез келген тақырыпта болуы мүмкін, бірақ бірнеше бағытты: ғылым, технология, инженерия, математика, медицина, өнерді біріктіруі тиіс.
Жұмыс үшін Интернет-ресурстарды,
«Білім керуенінің» материалдарын қолдануға және осы жерден жүктеуге болатын
сабақ жоспарының шаблонына сүйенуге болады.
3. Жұмысты және өзіңнің фотосуретіңді тіркеуден кейін конкурстың электронды поштасына жібер
competition@caravanofknowledge.com Үздік жұмыстар келесі жүлделерге ие болады: • 1-орын - 200 000 тг
• 2-орын - 180 000 тг
• 3-орын - 150 000 тг
Жұмыстар 11.08.2020 дейін қабылданады. Нәтижелері 18.08.2020 жарияланады.
Конкурстың ережелері:
• 18-25 жастағы барлық мамандық ЖОО студенттері мен түлектері қатыса алады.
• Сабақтың жоспары мыналарды қамтуы тиіс:
1. 40 минуттық сабақтың кезеңдік жоспары.
2. Сабақтың тұжырымдамасы туралы 7-10 минуттық бейне, теория мен жұмыстың қысқаша түсіндірмесі.Жаңа тақырыпты зерттеу, студент тақырыпты қалай жеткізер еді.
Жұмыстың форматы: бейнематериал — mp4, құжаттар: PDF, Times New Roman қарпі.
Бағалау критерийлері: • Сабақ жоспарының сапасы мен нақтылығы
• Тақырыптың бірегейлігі мен жаңалығы
• Сабақпен байланысты бейнеге креативті тұрғыдан қарау
Бірнеше өтінімдерді беруге рұқсат етіледі, бірақ әрбір қатысушының бір ғана өтінімі конкурста жүлдеге ие бола алады.
Жеңімпаздарды әділ қазылар анықтайды, олар жұмыстарды критерийлер бойынша бағалайды, ең көп ұпай жинаған жұмыстар үздік танылады.
Әділ қазылар ережелерге сәйкес келмейтін кез келген жұмысты өз қалауы бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.
Конкурс аяқталғаннан кейін эссе «Білім керуені» сайтында жарияланады.
Жүлде орыс тіліндегі үш үздік және қазақ тіліндегі үш үздік эссеге беріледі.
Сұрақтарыңыз бар ма? +7 777 124 8879 телефонына хабарласыңыз
Байланыс құралдары Жобаның бағдарламалық менеджері - Алмас Ордабаев +7-705-199-33-99
Жоба жетекшісі - Зарина Биюмбаева PECB Cert. SLPM, +7-776-111-46-85
Ізгі ниетпен, жоба командасы
www.caravanofknowledge.com