Мұрагерлер: Қазақстан мектептерінде STEAM бастамаларын дамытуға арналған гранттар
Murager
Бағдарлама туралы
«Мұрагер 2.0» бағдарламасы 2020 жылдан бері Қазақстанда STEAM-білімді дамыту бағытында жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық емес ұйым — Caravan of Knowledge корпоративтік қорының бастамасымен жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама алдыңғы жылдардағы сәтті тәжірибені жалғастырып, кеңейте отырып, қатысушылардың аясын және қолдау түрлерін арттырады.
Гранттық бағдарламаның мақсаттары
STEAM инфрақұрылымын дамыту
SТЕАМ саласындағы инфрақұрылымды және білім беру бағдарламаларын дамытуда серіктес мектептерді қолдау
Жергілікті STEАM орталықтарын құру
Басқа мектептер үшін жергілікті білім беру хабтарын құру үшін әр аймақтағы шағын STEAM орталықтарын ынталандыру
Мұғалімдердің
біліктілігін арттыру
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және STEAM пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу
Грантты іске асыру
Төмендегі бағыттардың бірін немесе бірнешеуін таңдап, жобаңызды жүзеге асыра аласыз:
  • STEAM
  • Робототехника
  • Биология және экология саласындағы тәжірибелер
  • Жасанды интеллект және машиналық оқыту
  • Өнер арқылы STEAM
  • Ауыл мектептеріне арналған жобалар
  • STEM саласындағы инклюзия
  • Ғылымдағы қыз балалар
Кім қатыса алады?
  • Жалпы білім беретін мектептер
  • Қосымша және мектептен тыс білім беру орталықтары
  • STEAM бағыты бойынша мектеп жасындағы балалармен жұмыс істейтін хабтар мен үйірмелер
Өтінімдерді іріктеу критерийлері:
  • Бағдарламаға қатысуға негізделген мотивация — Ұйым бағдарламаға не үшін қатысқысы келетінін, қандай мәселелерді шешетінін және бұл балалардың дамуына қалай әсер ететінін нақты көрсетуі тиіс.
  • Масштабтау және ұзақ мерзімді пайдалану әлеуеті — Жоба гранттық кезеңнен кейін де жалғасуы немесе тұрақты түрде өткізілуі мүмкін.
  • Қолжетімділік — Жоба барлық оқушылар мен мұғалімдер үшін, әсіресе әлеуметтік осал топтар (аз қамтылған, ауыл мектептері және т.б.) үшін ашық және қолжетімді болуы керек.
  • Материалдық-техникалық база — Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті орын, жабдықтар, материалдардың болуы немесе оларды сатып алу жоспарының нақты болуы.
Грант алған жағдайда ұйымның міндеттері:
  • Жобаны өтінімге және мерзімдерге сәйкес жүзеге асыру — Жобаның жоспарланған кестесі мен мақсаттарын сақтау.
  • Жоба аясындағы барлық іс-шаралар мен белсенділіктерге қатысушылардан (оқушылар, ата-аналар және т.б.) ақы алынбауы тиіс.
  • Ұсынылған бюджет шынайы, ашық және жобаның ауқымына сәйкес болуы керек.
  • Грант қаражаты тек білім беру мақсаттарына бағытталуы тиіс — жабдықтар мен материалдарды сатып алу, сабақтар, шеберлік сыныптар, көрмелер, байқаулар және оқушылардың STEAM дағдыларын дамытуға ықпал ететін басқа да белсенділіктерді өткізу.
  • Ұйым ішіндегі байқау ұйымдастыру— Оқушылар мен мұғалімдер арасында жобаны немесе оның нәтижелерін сипаттайтын ең үздік Instagram жазбасына арналған байқау өткізу (келісім бойынша).
  • Аралық және қорытынды есептерді тапсыру — Қаржылық есептілік және жобаны жүзеге асыру барысы туралы сипаттамалық есеп (нысандар ұйымдастырушылар тарапынан беріледі).
Бағдарлама кезеңдері
Бағдарламаны іске қосу және өтінімдерді қабылдау:
маусым – 10 тамыз
Сарапшылық комиссияның іріктеуі:
тамыз
Жобаларды жүзеге асыру:
қыркүйек – желтоқсан
Өтінімдерді іріктеу
Murager 2.0 бағдарламасына 2025 жылдың 10 тамыздың соңына дейін өтініш бере алады.
Murager 1.0 қалай өтті?
Сіздермен STEAM Murager бағдарламасына қатысушы мектептердің сабақтарынан үзінділермен бөлісеміз 🔥
1) №1 жалпы білім беретін мектеп, Лисаков қ. ...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназиясы" КММ базасында "STEAM-академия" жобасы шеңберінде ...
Таңдалған мектептер тек қатысушылар қатыранда ғана емес, өзгерістер көшбасшылары болатынана сенеміз. Олар білім берудегі инновациялық тәсілдерді тарата отырып, көрші ...
Біз сіздерге ҚР мемлекеттік мектептері үшін "Murager" жаңа гранттық бағдарламасын жариялауға қуаныштымыз!
Гранттық бағдарлама STEAM саласында ...
Бағдарлама ұйымдастырушылары

Шеврон Мунайгаз Инк
Корпоративтік қор
"Сaravan of Knowledge"