2025–2026 оқу жылында Астана қаласындағы №109 «Келешек мектебі» базасында жапондық KUMON әдістемесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама оқушылардың базалық математикалық дағдыларын және дербес ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
2025 жылдың қыркүйегінен бері пилотқа бастауыш сыныптың 39 оқушысы қатысуда.
Kumon бағдарламасы Қазақстанда
6 ай
Kumon бағдарламасы бойынша оқыту ұзақтығы
15 мин
Әр күн сайын 15 минуттық тапсырмаларды планшет арқылы орындайды
39 оқушы
Қатысып жатқан оқушылар саны (№109 «Келешек мектебі», Астана)
KUMON әдістемесі деген не?
KUMON — әр оқушының деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген жеке дара оқу бағдарламасы. Әдістеме келесі дағдыларды дамытады:
Математикалық қабілеттер
Зейін қою
Өздігінен ойлау
Қателерді тауып, өз бетімен түзету
Табандылық (GRID дағдылары)
Жүйе жауаптарды автоматты түрде тексереді, ал мұғалімдер оқушының жетістігін бақылап, қажет болған жағдайда оқу траекториясын реттей алады.
Kumon App
Күнделікті тәжірибе
Оқушылар күн сайын 15 минут Kumon бағдардарламсы бойынша математика есептерін шығарады.
Жекелендірілген оқу
Kumon әдісі әр оқушыға өз қарқынымен оқуға мүмкіндік береді. Олар тақырыпты толық меңгергеннен кейін ғана келесі деңгейге өтеді.
Өздігінен тексеру
Оқушылар өз қателерін өздері де түзете алады — бұл олардың дербестігін күшейтіп, оқу дағдыларын дамытады.
Нәтижеге қол жеткізу
Әрбір оқушы сабақты жетістік сезімімен аяқтап, келесі қадамға ынталы болуы өте маңызды. Сондықтан деңгейді аяқтаған кезде олар өз жетістігін атап өту үшін сертификатқа ие болады.
Күнделікті Kumon сабағы қалай өтеді?
“
Балалар шексіз мүмкіндіктермен туады. Әр бала өз деңгейіне дәл сәйкес келетін тапсырмалар арқылы қабілеттерін дамытып, жоғары нәтижеге жете алады. Менің айтатыным: ‘Бір байқап көр! Өйтпесе, өз мүмкіндігіңді ешқашан біле алмайсын.‘
—Toru Kumon, Kumonнегізін қалаушысы
Ұйымдастырушылар
Галерея
Caravan of Knowledge 2025 caravanofknowledge1@gmail.com
Тәуелсіздік даңғылы 33, 10 қабат, офис 35 Астана қаласы