2022 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығының басшысы болып тағайындалды. Тарих ғылымдарының магистрі.
Жалпы білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі, «Артек» Бүкілодақтық балалар лагерінде тәлімгер, қазақстандық жоғары оқу орындарында әдіскер-оқытушы ретінде жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, «Нұр Отан» партиясында жұмыс істеді, Саяси менеджмент академиясын, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Рухани жаңғыру» орталығын басқарды.
Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» медалі; ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин», Nur Otan партиясы «Белсенді қызмет үшін» төсбелгілері.