Канадалық Жергілікті Бастамалар Қорының қолдауымен
KYZDARY
БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
STEAM Kyzdary-Ақмола облысы Атбасар ауданының 13-18 жас аралығындағы оқушыларды, көбінесе қыздар оқушыларын оқытуға арналған бағдарлама.
Біздің мақсатымыз — Атбасар ауданы жастарының бәсекеге қабілеттілігін және білім сапасын арттыру. Оның ішінде STEAM зертханасын құру, оның негізінде оқушыларды STEAM-дағдыларына үйрету.
STEAM Kyzdary ұйымдастырушысы — Caravan of Knowledge және CFLI (Canada Fund for Local Initiatives) - Канадалық Жергілікті Бастамалар Қоры.



STEAM Kyzdary-на қатысыңыз:
1
Команда құру
2
Оқуда, мансапта және өмірде пайдалы болатын дағдыларды үйрену.
3
Топпен керемет технологиялық жоба жасау.
4
STEAM Kyzdary жеңімпазы болып, командамен бірге облыстық STEAM олимпиадасына қатысу!
5
Облыстық STEAM олимпиадасының жеңімпаздары республикалық финалға қатысады. Республика бойынша жеңімпазадар АҚШ-тағы FIRST Robotics Competition жарысына барады!
Ақмола облысы, Атбасар ауданында тұратын 13-18 жастағы оқушылар
STEAM Kyzdary жобасына кім қатыса алады?
STEAM дегеніміз не?
STEAM құрамына ғылым, технология, инженерия, өнер және математика кіреді. Бұл математика, физика, химия, биология, робототехника, география және басқа пәндерді оқытуға көп салалы тәсіл.

STEAM білім беру әдістері дамытады:

  • Ғылыми, сыни, математикалық ойлау;
  • Бағдарламалау және инженерлік дағдылар;
  • Мәселелерді шешу және шығармашылық көзқарас;
  • Зерттеу дағдылары;
  • Инженерлік және дизайн ойлау;
  • Командада жұмыс істей білу;
  • Презентация дағдылары.
Бағдарлама кезеңдері:
Шілде – тамыз 2021
Ақмола облысы Атбасар ауданының орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінің STEAM-білім беру жағдайы туралы сауалнама жүргізу. Нәтижелерді жариялау.
1 тамыз
STEAM Kyzdary жобасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталуы.
17 қыркүйек
Тіркелген командалар арасында хакатон өткізу, 50-60 үздік қатысушыларды іріктеу.
22 қыркүйек – 8 қазан
STEAM негіздерін қатысушыларға онлайн оқыту.
11 – 15 қазан
Қатысушыларды steam зертханасында оқыту. 4-6 үздік команданы іріктеу.
18 қазан - 1 қараша
Оқуды жалғастыру. Үздік команданы іріктеу.
2 қараша – 12 ноября
Жеңімпаз команданы оқыту, облыстық STEAM олимпиадасына дайындық.
15 қараша – 15 желтоқсан
Облыстық STEAM-олимпиада, республикалық финалға іріктеу.
20 ақпан – 20 наурыз 2022 жыл
Республикалық STEAM-олимпиада.
шілде – тамыз 2022 жыл
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары бірінші американдық жарысқа қатысады.
АТБАСАР ӨҢІРІ ҮШІН ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
Пилоттық жоба табысты аяқталғаннан кейін болашақта барлық жергілікті мектептер бұл практиканы шалғайдағы өңірлердегі оқушылардың білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолдануға мүмкіндік алуы үшін курстарды оңтайландыру және тәжірибе алмасу жүргізілетін болады. STEAM зертханасының әдіснамасы Атбасар қаласының барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінде таратылады.

Сондай-ақ, жоба қатысушылары өмір бойы өзекті болатын білім алады және біздің түлектер желісінде жобаның тәлімгерлерімен және ұйымдастырушыларымен байланыста болады. Табысты түлектер тәжірибені және осы модельді кеңейту аясында жоспарланған келесі курстарда тәлімгер бола алады.
Жобаның мақсаты - ғылым мен технология саласындағы STEAM зертханасын дамыту және алған білімдерін қолдану арқылы Ақмола облысының шалғай ауданында жастардың, негізінен қыздардың білім сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
CFLI (Canada Fund for Local Initiatives - Канадалық Жергілікті Бастамалар Қоры) бағдарламасы дамушы елдерде іске асырылып жатқан шағын, тиімділігі жоғары жобаларды қолдау үшін құрылған. Жобалар Канада Сыртқы істер министрлігінің ынтымақтастық бағыттарының тақырыптық басымдықтарымен сәйкес келуі тиіс. Жобалық ұсыныстарды іріктеу мен мақұлдауды елшілік қызметкерлері жүзеге асырады.

Қазақстанда адам құқықтарының күн тәртібін ілгерілетуге, әйелдер ұйымдарының рөлін күшейтуге бағытталған және халықтың неғұрлым осал және маргиналданған топтарының құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді шешімдерді ұсынатын жобалық ұсыныстарға басымдық беріледі.
Canada Fund for Local Initiatives
Caravan of Knowledge - білім беру ұйымы.

Біз Қазақстанда STEAM-білімін (Science, Technology, Engineering, And, Mathematics) дамытамыз. Мұғалімдерді және оқушыларды заманауи әдістемелерге, білім мен дағдыларға үйретеміз. Тренингтер, курстар мен дәрістер өткіземіз.
caravan-pic
Caravan of Knowledge туралы
Жоба Үйлестіруші:
Алия Санатова +7 (702) 627-83-08

E-mail: Info@caravanofknowledge.com