CaravanOfKnowledge
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылары!
«Білім керуені» жобасының сауалнамасына қатысуға шақырамыз.
«Білім керуені» - білім саласындағы STEM жоба. STEM пәндеріне математика, физика, химия және ғылым мен техника саласындағы басқа пәндер де кіреді. Біз «Білім керуенінде» мұғалімдерге, директорларға, студенттерге және ата-аналарға арналған курстар өткіземіз, сонымен қатар Қазақстандағы STEM білім беру жағдайын зерттейміз.
Сауалнаманың нәтижелері бізге білім беру жүйесіндегі негізгі проблемаларды және STEM пәндерін оқытудың сапасын анықтауға көмектеседі. Cонымен қатар білім саласындағы кәсіпкерлерге, мұғалімдерді даярлау орталықтарына, ҚР Білім және ғылым министрлігіне және басқа мүдделі тараптарға ұсыныстар даярлауға көмектеседі.
Болашақ ғалымдарға, инженерлер мен бағдарламашыларға бірге көмектесейік!
«Қазақстандағы STEM білім беру: ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары» қолданбалы зерттеуі
Зерттеу мақсаттары:
Ел мектептерінде STEM білім беруді енгізу шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар, ғылыми және математикалық ақыл ой-жүйесіне ие адами капиталды даярлауды көздейді. Аталған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін STEM білім берудің бастапқы кезеңдерде, яғни мектептерде қалай енгізіліп жатқандығына көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ Қазақстан мектептеріне STEM білім беру әдістемелері мен технологияларын сәтті енгізу үшін, ең алдымен, халықтың және негізгі стейк-холдерлердің STEM-сауаттылығының жалпы деңгейін анықтап алу керек. STEM-сауаттылық заманауи қоғамдағы ғылымның, технологиялардың, инженерия мен математиканың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуді; STEM салаларының кем дегенде бірінде базалық білімнің минимумын; және STEM саласындағы базалық тәжірибелік дағдыларды көздейді.

Мұғалімдер STEM тұрғысынан сауатты жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеудегі түйінді буын болып табылатындықтан, зерттеудің бастапқы мақсаты мұғалімдердің өздерінің STEM білім беруді түсінуінің ағымдағы деңгейін, қоғамдағы STEM дағдылары мен білімдері маңыздылығының пайымын айқындау, сондай-ақ STEM білім беруді дамыту мен таратудағы қазірде бар мәселелерді және кедергілерді анықтау болып табылады. Сондай-ақ осы зерттеу негізгі стейк-холдерлердің, инфрақұрылым мен контенттің Қазақстан мектептерінде STEM білім беруді дамыту мен қолдау үшін даярлық деңгейін анықтауға бағытталған.

Міндеттері:
- бүкіл білім беру экожүйесі кесіндісінде елдегі STEM білім берудің ағымдағы жай-күйін бағалау;

- STEM білім берудің даму перспективаларын бағалау, трендтерді, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді бағалау;

- STEM білім беруді енгізу мен дамытудың жол картасын әзірлеп пысықтау, стейкхолдерлердің рөлдері мен міндеттерін белгілеп жазу;

- ҚР БҒМ үшін стратегиялық ұсыныстарды әзірлеу;

- негізгі стейкхолдерлерге зерттеу нәтижелерін таныстыру.

Зерттеу кезеңдері:
● Қазақстандағы, сол сияқты елдің сыртындағы STEM білім беру саласындағы ағымдағы жай-күйді бағалау. Қолда бар әдебиеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да ресми дереккөздерді талдау арқылы жүзеге асырылады.

● Ішкі көзқарас. Мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, ата-аналарға және басқа да негізгі стейкхолдерлерге сауалнама жүргізу. Осы кезеңнің басты міндеті сауалнама қатысушыларының STEM білім беруді қалай түсінетіндігін және мектептерде қандай сын-қатерлер мен тосқауылдар бар екендігін анықтау болып табылады.

● Сұхбат. Бұл кезеңде STEM білім беру пайымы, мектептердің күтулері мен STEM білім беруді қолдау үшін әзірліктері туралы көбірек білу мақсатында стейкхолдерлермен барынша егжей-тегжейлі сұхбаттар өткізілетін болады.

Күтілетін нәтижелер:
Зерттеу нәтижелері бойынша:

- Қазақстанда STEM білім беруді енгізу мен дамытудың жол картасы, стейкхолдерлердің рөлдері мен міндеттері қалыптастырылады;

- даму перспективалары, трендтері, қауіп-қатерлері мен мүмкіндіктері бағалана отырып, Қазақстандағы STEM білім берудің ағымдағы жай-күйі (проблемалары, қауіп-қатерлері, трендтері, мүмкіндіктері) туралы егжей-тегжейлі есеп қалыптастырылады;

- ҚР БҒМ үшін STEM білім беруді енгізу және жақсарту, кадрларды және мектеп инфрақұрылымын даярлау бойынша стратегиялық ұсыныстар әзірленеді;

- STEM пәндерді оқыту бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына бейімделген әдістемелік ұсынымдар әзірленеді;

- зерттеу нәтижелерін таныстыру үшін негізгі стейкхолдерлердің және сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылатын болады.

© CaravanOfKnowledge 2020