CaravanOfKnowledge
Жоба манифесті
Қазақстанда «Білім керуені» (Caravan of Knowledge) жаңа білім беру жобасы іске қосылды. Жобаны Шеврон компаниясымен серіктес ұйымдар альянсы іске асырады. Біздің мақсатымыз - STEM білім беру саласындағы стейкхолдерлер мен кәсіби мамандарды қолдау және мектеп, қоғам және саланың танылған сарапшылар арасында тұрақты байланыс орнату.

* STEM – ағылш. тілінен ғылым, технология, инженерия және математика – бұл термин оқытудың пәнаралық тәсілі қағидасын білдіреді.

STEM көмегімен балалар ғылыми және математикалық тұрғыдан ойлауды дамытады, инженерлік және техникалық дағдыларды – заманауи постиндустриялық әлемде ең сұранысқа ие білімді игереді. Көптеген басқа мәселелер сияқты STEM білім апасы мұғалімдерге, мектеп инфрақұрылымына және қосымша білім беру нарығына байланысты. Бір мұғалімді оқытып, біз оның жүздеген оқушыларының білім сапасын арттыра аламыз.

Біз оқытушыларға қолдау көрсеткіміз келеді - оқытудағы жаңа тәсілдер туралы айтамыз, STEM-әдістемелерді пайдалану тәжірибесімен бөлісеміз, инклюзивті білімді енгізуге көмектесеміз, педагогиканың іргелі мәселелерін, сондай-ақ білім беру саласындағы ағымдағы мәселелерді және оларды шешу әдістерін талқылаймыз.

Біз білім беру нарығының қатысушыларына өз шешімдерін ұсынуға және даму келешегін талқылауға мүмкіндік бергіміз келеді. Сондай-ақ, біз Шеврон компаниясының серіктестері де белсенді қатысушылары болып табылатын, Республикалық физика-математикалық мектеп, OYLA ғылыми-көпшілік журналы, АҚШ Бас консулдығы, Британ Кеңесі, Халықаралық ІТ университет, Назарбаев Университет және басқалары сияқты STEM-қоғамдастықтарды бірігуге шақырамыз.

Білім беру саласына қызығушылық танытатын ата-аналар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп әкімшілігі, бизнесмендер және т.б. арасында тұрақты байланыс орнатуға үндеу саламыз.

"Білім керуені" бірнеше кезеңде өтеді:

1. «Қазақстандағы STEM білм беру: ағымдағы жағдайы және даму келешегі» қолданбалы зерттеуі, 2020 жылғы 1 маусым – 31 шілде;

2. Ұлттық және халықаралық сарапшылардың вебинарлар мен онлайн-воркшоп сериясы, 2020 жылғы 15 маусым – 19 шілде;

3. Жобаның негізгі платформасында Керуеннің 7 бағыты бойынша онлайн-практикум, 2020 жылғы 20 шілде – 4 қыркүйек;

4. STEM-қоғамдастықтың жұмысын жалғастыру.

"Білім керуеніне» қосылыңыз!

© CaravanOfKnowledge 2020